АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай дара, Абай дана қазақта

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Абай дара, Абай дана қазақта

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе!

Даналықты көздесең

Жаттап тоқы көңілге

С.Торайғыров

Рухани жаңғыру бағдарламасы  аясында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың  175 жылдығына орай Бестөбе № 1 мектеп кітапханасында «Абай дара, Абай дана қазақта» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды. Көрме екі бөлімнен тұрды: «Абайды оқы таңырқа...» және «Абай мұрасы – халық қазынасы». Бәрімізге мәлім биылғы жылдың 30 мамырында Казақстан Республикасынын Президенты Қасым-Жомарт Тоқаев данышпан Абайдың 175 жылдығы республика көлемінде атап өту туралы Жарлығына қол қойды. Осыған орай 9 жасар бүлдіршын қыз Ләйлім Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Президентке жолдаған болатын, бұл бастаманы Қ.Тоқаев та зор қуанышпен қабылдап «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, челлендж жалғасын тауып кетті. Ол кісі эстафетаны Білім министрі А.Айтмағанбетовке, журналисттер мен блогерлерге, әнші-сазгерлер Д.Құдайбергеновке, С.Майғазиевке жолдаған болатын.

Бұл челлендждын мақсаты – әлеуметтік желіні пайдалана отырып қоғамда Ұлы Абайды дәріптеу, оның шығармаларын заманауи тұрғыда насихаттау болды. Ал челлендж дегеніміз – ағылшын тілінен «біреуге үндеу тастау» дегенді білдіреді. Сол эстафета біздің мектепте де жалғасын әлі күнге дейін тауып келеді.

Көрмеге Абайдың  «Абай» атты энциклопедиясы, «Абай» атты журналдар, «Адам деген даңқым бар», «Өлең сөздің патшасы», «Абай» - шығыстың ұлылары сериясымен басылып шыққан кітаптары, лирикалары, поэмалары, пьесалары, ақынның сөзіне жазылған әндер жинағы, М.Әуезовтың 4 томдық «Абай жолы» қазақ, орыс тілдерінде, роман-эпопеясының  видеокассеталары, аудиокітап болып шыққан нұсқалары қойылды. 2007 жылы «Бір ел-бір кітап» акциясынан бастау алған Абайдың қарасөздері 3 тілдегі кітаптары да оқырмандардың назарына ұсынылды. 1948 ж Қазақтың біріккен мемлекет баспасынан басылып шыққан  Абай (Ибраhим) Құнанбаев шығармаларының толық жинағы көрмеден ерекше орын алды.

Оқырмандар Абайға арналған роликтерды, слайдтарды тамашалады, олар да ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән шырқап,  өздеры жасап әкелген буктрейлерлерымен бөлісіті.

            Ұла, дана, дара Абайдың өлеңдерін оқып, жаттап облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделы орындарға ие болған оқушыларымыз да аз емес, Махметов Қуаныш, Инсенбаева Аяулым атты мақтан тұтар оқушыларымыз талай-талай жеңістерді қанжыларына байлады емес па.

 

Мектеп кітапханашысы        Кусаинова Гульназ Папашқызы

Жаңартылған күні: 15.10.2019 15:01
Құрылған күні: 15.10.2019 15:01

Текст