АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰБТ 2024-2025 оқу жылы өткізу ережесі

Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.

ҰБТ өткізіледі:

· ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;

· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;

· ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;

· ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.

Өткізу формасы: тестілеу.

Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

Тестілеуге қатысу бағасы - 5640 теңге. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

Барлық тест тапсырмаларының саны – 120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат  (240 минут)

Апелляция: қарастырылған.

Ең жоғары балл – 140

Жаңартылған күні: 23.12.2024 11:06
Құрылған күні: 23.12.2024 11:06

Текст