Текст
8 ақпаннан 12 ақпанға дейін онлайн форматта өткізілген 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін республикалық олимпиаданың қалалық туры 2021 жылдың 18 ақпанында жабылды. «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің атынан 15 оқушы қатысты. Интеллектуалды тест нәтижелері бойынша 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды және 1 оқушы дипломмен көтермеленді. Мектеп қазынасында: 1 орын - 1, 2 орын - 3, 3 орын - 2. Олимпиада жеңімпаздары мен жас таланттарды дайындаған мұғалімдерді құттықтаймыз!