АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң

Жеткіншекке жадынама

«Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң»

Егер де сен қандайда бір қиын жағдайға душар болсаң ,есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әр қашанда бар,тек қана соны таба білу керек.Егер біздің ұсынып отырған кеңестерімізді пайдалансаң,сен сол қиын жағдайдан ,өзіңе үлкен шығын келтірмей ,шыға аласың.

1 кеңес. Қиын жағдайда түсіп қалсаң үрейге немесе күйзеліске түспе.Жағдайыңа өзің анық талдау жасауға тырыс.

2 кеңес. Осы қалыптасқан жағдайды  кім жасады соны анықта.Егер өзің болсаң,барлық жауапкершілікті өзіңе ал.Жақсылап ойлан,тағы да қай жерден , қандай қауіп болуы мүмкін.

3 кеңес.  Осы қалыптасқан жағдай туралы кімге ашық айта аласың ,соны ойла.

4 кеңес. Өзіңнің қиын жағдайыңмен жалғыз қалмауға тырыс .Өйткені айналаңа өтірік айтуға мәжбүр боласың.Өтірік-бұл сен үшін тағы да қиын жағдай.

5 кеңес. Өзіңнің құпияңа сақ бол. Нақты көмек бере алмайтын ,бірақ саған жаны ашитын жолдасыңа өзіңнің жағдайыңның шешуін жүктеме.Саған одан жеңілдік болмайды.

6 кеңес. Саған нақты көмек көрсете алатын ,өмірлік тәжірибесі мол жасы үлкен адамнан көмек сұра.Егер ол сенің ата-анаң немесе туысқаның болса тіпті жақсы.

7 кеңес. Ата-ана алдындағы үрейіңді бас.Өз қолыңмен жасағыныңды мойыныңмен  көтере білу керек. Есіңде болсын бұлттан кейін ,күн жарқырап салады.

8 кеңес. Жағдайыңды өзің ғана түзейсің,оған сену керек ,ешқашанда қорықпа. Қорқыныш -сенің көмекшің және досың емес. Қорқыныш -сенің қөмекшің және досың емес.Қорқыныш -жалғыз адамдардың жолдасы.Ал сен жалғыз емессің!Егер сен қөмек сұрасаң, саған әр қашанда көмек  көрсетіледі.

Отбасы,мектеп,сенің сынып жетекшің,психолог,әлеуметтік педагог,тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары  (озің тікелей бар немесе телефон арқылы  қонырау шал ) саған мейірімді ақылмен көмек береді ,қалыптасқан жағдайды түсіну үшін ,керек болса коғамның ,құқық қорғау органдардың назарын аударады,психологиялық көмек көрсетеді,қиын жағдайдан шығуыңа көмек береді.

Сенім телефоны  ( +7 705 483 41 07) :сенің аты-жөнің және де басқа анықтамалар ,айтылатын әңгіменің мазмұны ешкімге айтылмайды

-сені кінәламай,қараламай мұқият тыңдап ,қолдаукөрсетіледі;

-сенің қылықтарыңмен сезімдеріңді анықтау үшін көмек көрсетіледі;

-қиын жағдайдан қалай шығу жолдарын көрсетеді.

Жаңартылған күні: 04.01.2023 13:10
Құрылған күні: 04.01.2023 13:10

Текст