Текст
Халықаралық отбасы күні қарсаңында "Өнерлі отбасы"атты отбасылық өнер сайысы өтті. 10 отбасы бақ сынасып, жүлделі орындар мен номинацияларға ие болды. Сайыс төрешілігін қорғаншылық кеңес төрайымы, "Әкелер"клубы мүшесі, "Өзін-өзі басқару"ұйымының ұланбасы және ұстаздардан тұратын топ әділ бағалады. Байқау әділ әрі көрермен көңілінен шықты.