Текст
14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай мектеп кітапханасында 14-25 ақпан айының аралығында «Алтын қорға үлес қос» атты акция бастау алды. Осы акцияның мақсаты – мектеп кітапханасы қорын мүмкіндігінше заманауи басылымдармен, қазіргі заманғы авторлардың кітаптарымен және балалар әдебиетімен толықтыру. Сыйға тартылатын кітаптарыңызды қуана қабылдап, шын жүректен алғыс айтамыз.