1.Мектептің әдістемелік жұмысының мақсаты: Мектептің басшы және педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта дайындау үшін жағдай жасау.
Мектептің әдістемелік қызметтің негізгі бағыттары: Жаңашыл авторлық бағдарлама, оқыту жүйесіндегі жаңалықтарды әріптестермен бөлісу, пікірлесу, алмасу мақсатында ҚР – ның эксперименттік тірек мектептерінің мұғалімдерімен ынтымақтастықта болу;
Біліктілікті арттыру жүйесінің тиімділігі мен келешекте дамуын танып білу. Арнайы, біліктілікті арттыру курстарына қатыса отырып, өзіндік авторлық бағдарлама құруға жағдай жасау.
Сонымен қатар әр ұстаз оқу жылы басында әдістемелік нұсқау хатпен таныстырылып, сол негізде жылдың өз пәндері бойынша тақырыптық – күнтізбелік жоспар құрды. Әр бірлестік жетекшісі жылдық жоспар құрып, жыл бойы сол негізде жұмыс ұйымдастырылмақ. Бес бірлестік жұмыс жүргізеді.
Әдістемелік жұмыстың басты бағыттары:
• курстық даярлау;
• педагогтардың біліктілігін арттыру;
• семинарлар және конференциялар;
• әдістемелік бірлестіктер жұмысы, шығармашылық және проблемалық топтар;
• өзара қатысу және сабаққа қатысу;
• ӘБ жұмысы, тәлімгерлік;
• Мұғалімдердің өз білімін жетілдіру .
2. Әдістемелік жұмысты қамтамасыз ету негізгі бағыттары білім беру мазмұнын жаңарту жағдайы ретінде оның сапасын арттыру.
Биылғы оқу жылына әдістемелік кабинетінің жоспары жасалынып бекітілді. Жаңартылған білім шеңберінде бірқатар ұстаздар жазғы маусымда Көкшетау қаласында курстардан өтті. Ахметова Г.Қ (дене шынықтыру), Рамазан Ж.Е (ағылшын), Камзина С.Т (математика), Белгибаева М.А (бастауыш сынып) Хамзина Б.Е (бастауыш сынып). Аттестация – педагогикалық біліктіліктің бір бөлігі. Ол мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, шығармашылық белсенділігін арттырып, педагогикалық еңбектің жиынтығын көрсетеді. Осыған орай, біліктілік санатын беру(растау) жөніндегі аттестаттау комиссиясының 2018 жылғы 29 маусымдағы шешіміне және «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 27 шілдесінің № 325 ж/к бұйрығы бойынша, төмендегі мұғалімдер аттестациядан өтіп,
1.Камзина С.Т - математика пәні мұғалімі «педагог – сарапшы».
2.Наиманова А.З – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі «педагог – сарапшы».
3. Баисов Қ.Қ - тарих және география пәні мұғалімі «педагог – сарапшы».
4. Идрисова Қ.Т - бастауыш сынып мұғалімі «педагог – сарапшы»
5. Оразымбетова Т.Т – орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі «педагог – сарапшы»
6. Мусина А.Ж – бастауыш сынып мұғалімі «педагог – модератор» біліктілік санаттарын алды
Биылғы оқу жылында МОН Қ.Р министілігінен Мұхаметжарова А.Б «Құрмет грамотасы», облыстық білім басқармасынан «Алғыс хат» Шаяхметова Г.Қ, қалалық Б.Б алғыс хат, Ахметова С.Қ, Оразымбетова Т.Т, марапатталды.
2019 – 2020 жылының қараша айында (1тоқсан) біліктілік санатын көтеру мақсатында 6 мұғалім өтініш берді.
1. Ахметова С.Қ - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «педагог – зерттеуші».
2. Кусайнова А.Е - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «педагог – зерттеуші».
3.Молдахметова С.Қ - биология және химия пәні мұғалімі «педагог – сарапшы».
4.Баязитова Г.Т- әлеуметтік педагог «педагог – сарапшы»
5.Ахметова Г.Қ - дене шынықтыру пәні мұғалімі «педагог – модератор»
6. Ахметова Қ.Р – физика пәні мұғалімі «педагог – модератор»
Осы аталған мұғалімдердің барлық құжаттары талапқа сай калалық білім бөліміне тапсырылды.
Жоғарғыдағы біліктілік санаттарын арттырушы мұғалімдер желтоқсан айында тестілеуден өтіп мына ұстаздар біліктілік санаттарын алды.
1. Ахметова С.Қ - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «педагог – зерттеуші».
2. Кусайнова А.Е - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «педагог – зерттеуші».
3.Ахметова Г.Қ - дене шынықтыру пәні мұғалімі «педагог – модератор»
4. Ахметова Қ.Р – физика пәні мұғалімі «педагог – модератор»
Молдахметова С.Қ зейнеткерлік жасына байланысты біліктілік тестілеуді тапсырмауға өтініш жазды.
Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біздің мектебімізде дарынды балалармен жұмыс міндеттері төмендегідей:
- оқушының тұлғалық және танымдық қабілетін дамыту;
- оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру, білімдерін жетекшілер көмек беру арқылы жетілдіру;
- пәнаралық сабақтастық арқылы басты мәселеге назар аудару;
- сабақтан тыс қоғамдық жұмыстардың маңызын арттыру.
«Ұстаз тілегі», «Данышпан», «Бояулар құпиясы», «Мұрагер», «Қашықтық пән олимпиадасы», «КИО», «Зерделі», «Ана құшағында», «Алғашқы қадамдар», «Орыс қонжығы», «Көрікті көктем», «Көркем жазу», «Ақбота», «Пони», «Пифагорда қонақта» сайыстарына барлығы 298 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
2019-2020 оқу жылының мамыр айына біліктілік санаттарын жоғарылатуға 7 мұғалім өтініш берді.
Абуова Ж.А – тарих және география пәні мұғалімі «педагог - зерттеуші»
Саттарова А.М – бастауыш сынып мұғалімі «педагог - сарапшы»
Белгібаева М.А - бастауыш сынып мұғалімі «педагог – сарапшы»
Дуйсенова Қ.Р – физика пәні мұғалімі «педагог - сарапшы»
Баязитова Г.Т – әлеуметтік педагог «педагог сарапшы»
Ахметова Г.Қ – дене шынықтыру «педагог - модератор»
Хамзина Б.Е – бастауыш сынып «педагог - модератор»
Жоғарғыдағы мұғалімдер маусым айында тапсырады деп күтілуде.
Қазіргі заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі- оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Алайда, заман дамыған сайын тек шәкірттің қабілетіне қарай талап қойылмайды, мұғалімдердің де әдістемелік әлемі өзгермек.
Ұстаздың кəсіби шеберлік өсуі тынымсыз еңбегінен көрінетіні сөзсіз. Атап айтқанда республикалық, облыстық, қалалық аймақтарда өткізілетін ғылыми жобаларға, олимпиадаға барып жүлделі орындарды иеленіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Тарих пəнінің мұғалімдері Абуова Жанар Асылханқызы "Киіз үй - əлем модулі" тақырыбында Жезқазған қаласында ғылыми жобада 3-орынды иеленсе, Уразов Ержан Уразалыұлы тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмахановты105 жылдығына орай мұғалімдер арасында өткізілген "Қазақстан тарихы" олимпиадасында ll дəрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Мухаметжарова Алмагул Байжанқызы жəне құқық пəнінің мұғалімі Абузарова Жария Сакенқызы А.Құнанбаев 175 жылдығына орай "Үздік əдістемелік əзірлеме" дайындап жүлделі 1- орынға ие болса. Тарих пəнінің мұғалімі Абуова Жанар Асылханқызы осы тақырыпта 2-орынды алды.Негізінде, мұғалімнің біліктілігін, оқушының білімін айқындайтын пəн олимпиадалары.
Биылғы оқу жылында да бұл белестерден біздің оқушылар көріне білді. Қазақ тілі мен əдебиеті пəні бойынша қалалық олимпиадада 10 "Ə" сынып оқушысы Қайыржан Ділнəз 3-орын алса, тарих, ағылшын, орыс тілі, информатика, биология пəндерінен қатысқан оқушылар сертификаттарға қол жеткізді. Білім баспалдағы - бастауышта деп тегін айтылмаса керек. Жетістіктердің басым бөлігі осы бастауышқа тиеселі екендігі даусыз. Бастауыш сыныптан қазақ тілі пəнінен 4 "А" сынып оқушысы Даут Инабат 1-орынға ие болды, мұғалімі Баймағанбетова Асел Ануарбекқызы, орыс тілі пəнінен 4 "А"сынып оқушысы Токушева Назерке 1-орынды алды, мұғалімі Шаяхметова Гульнар Қыстаубайқызы.
Сондай-ақ математика, ағылшын, қазақ тілі пəндеріне қатысқан оқушылар сертификаттармен марапатталды.
Ахмет Байтұрсыновтың : « Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы» деген сөздерін негізге алсақ, қазіргі мектепке жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Жаңа ғасыр мұғалімі осындай талапқа сай, сапалы әрі тәрбиелік, білімділік қызметтерді атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатқа жетеді.
Ұстаз- ұрпақ тәрбиелеп өсіруші. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Қазіргі заман талабы жас ұстаздан үнемі ізденіп дамып отыруды, өзгерістерге жылдам бейімделуді талап ететіндіктен , өздеріне әрқашан талап қоя біледі.
Мұғалім болу- қашан да жауапкершілікті қажет ететін іс. Ұстаздық жолда үлкен, кіші деген ұғым жоқ, ол тұтас әлем, сондықтан да ұстаздық қиын жол. Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап- тілегіне, арман мұратына байланысты.
Ұстаздық мамандығы- бұл тек қана біреуді оқыту емес. Сонымен қатар, ең алдымен бұл оқу және өзіңді дамыту. Абай атамыз айтқандай : «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, шәкірт тәрбиелеп, оны ұядан баптап ұшырудан еш жалықпайық.
Қазіргі заман талабына сай мектепке тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, іске асыра алатын және сабақтарында ғылыми жетістіктерді қолдана алатын мұғалім қажет. Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, мектептің даму жоспарларында ең негізгі бағыт болып табылады.
Мектеп әдіскері К.К Абенов