Текст
Ағылшын тілінің он күндігі аясында мектепте «Astana's famous landmarks» атты ашық сабағы өткізілді, оның мақсаты тіл білімі мен дағдыларын кеңейту, шетел тілін үйренуге ынталандыру. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Рамазан Жулдыз Ерланқызы сабақ барысында жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін әр түрлі жұмыс формалары мен әдістерін қолданды. Оқушылар сабақтың мақсатына жетуге ықпал ететін тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.