Текст
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Хамзина Б.Е. ұйымдастыруымен 1"А" сыныбында "Ауылым-алтын бесігім" атты тəрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың туған ауылына деген мейірім ықыласын арттыру. Елін, жерін, туған өлкесін сүюге, құрметтеуге, өз Отанын қорғауға, адамгершілікке тəрбиелеу. Оқушылар ауылдың тамаша көрінісінің суреттерін салып, өздерінің туған жерлерін əңгімеледі. "Туған жер" əнін орындап, ауыл туралы тақпақтар айтылды. Ауылымыздың одан əрі гүлдене беруіне үлес қоса беретін азамат пен азаматша болатынын сенеміз.