Текст
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Бестөбе кенті №1 орта мектебінде А.Е.Кусайнованың ұйымдастыруымен "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" атты 5 а сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен таныстыру және майдангер жауынгерлердің Отан қорғаудағы ерліктерін паш ету. Тәрбие сағатына оқушылар жауапкершілікпен дайындалып, өз өнерлерін ортаға салды. Ақпараттар жинады, ән айтылды, би биленді, соғыс жылдарына байланысты қолөнер туындыларын қолдан жасап, тақырыпқа сай суреттер көрмесі ұйымдастырылды. "Шығыстың қос жұлдызының" бірі атанған Мәншүк апамыздың майданда анасына жазған хаты бойынша сахналық қойылым көрсетілді.