«Кітап - білім ордасы» саяхат сабағы
2019 жылы қарашаның 26 жұлдызында «Рухани жаңғыру» аясында №1 Бестөбе орта мектебінің кітапханасында «Кітап - білім ордасы» тақырыбында 2 «А» сынып оқушыларымен саяхат сабақ өтті.Сынып жетекшісі Қажияхметова Бикен Теміртасқызы мен мектеп кітапханашысы Кусаинова Гульназ Папашқызының ұйымдастыруымен бұл шара өте жоғары деңгейде өткізілді. Саяхат сабақтың мақсаты кітаптың адамзат өміріндегі орны, жас жеткіншектерді әр түрлі бағыттағы әдебиеттерді оқуға насихаттап, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып қана қоймай, жете ізденуге, тілге деген құрметтерін одан әрі дамытып, шыңдау, білуге үйрету, баулу арқылы болашақта білімді ұрпақ қалыптастыру басты міндет болып саналады. Психологиялық дайындықтан басталған сабақ, кітапхана бөлімдерімен, кітапхана ережелерімен, кітап элементтерімен танысумен жалғасын тапты, кішкентай балаларға арналған әдебиеттерден, газет-журналдардан ұйымдастырылған «Кітап-білім бұлағы», Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы-халық қазынасы» атты кітапханашы кітап көрмелеріне шолу жасады. Шара барысында «Кітапсүйер» мен «Білімділер» топтары сұрақ-жауап викторинасына, «Ия» және «Жоқ», «Кім жылдам?», «Мақал-мәтелдер» сайыстарына белсене қатысып отырды, кітапқа байланысты постерлерін де жақсы қорғады. Сонымен қатар, «Ескі кітап» пен «Кітап күнтізбе емес» көріністерін де оқушылар қызыға тамашалады. Шарамыз өте қызықты, маңызды, пайдалы өтті деген ойдамыз.