«Насыбай мен снюс кімге пайда, кімге зиян?»
Бестөбе № 1 орта мектеп кітапханасында «Насыбай мен снюс кімге пайда, кімге зиян?» 6-7 сынып оқушылары арасында кітапханашы Г.П.Кусаинова снюс пен насыбайдың зияндылығы туралы баспасөз беттеріне шолу жасады. Шолу барысында бүгінгі күні Қазақстанда «снюс»деп аталатын шайнайтын темекі түрі жастар мен жасөспірімдер арасында кең таралуда және бірден сұранысқа ие болып кеткені айтылды. Түтінсіз, ароматизаторлар қосылған шведтықтардың брендіна айналған «Швед снюсі», жаңа қалыптасып келе жатқан бала денсаулығына өте зиян, ауыз қуысы, асқазанда онкологиялық аурулар пайда болатын, құрамында никотиннің мөлшері темекімен салыстырғанда бірнеше есе көп болуы және тұтұнушыда физиологиялық пен психологиялық тәуелділік пайда болуы айтылып өтті. Оқушыларға бөгде адамдар, снюс немесе таныс емес заттарды ұсынған жағдайда не істеу керек екенін, және осы ақпаратты достарымен бөлісу мақсатында «Абайла, СНЮС» брошюралар таратылды