Бүгін мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған "Желтоқсанда үзілген жауқазындар " тақырыбымен сынып сағаттары өтті . Сынып жетекшілер сол бір желтоқсан оқиғасына қайта оралып , елі үшін құрбан болған желтоқсаншылар жайында айтты . Сынып сағаттарында әр сынып жетекші ең алдымен Ербол , Қайрат , Ләззат пен Сабира ерліктерін айтып , әр оқушы бойына патриоттық рухтың дәнін септі . Аталар мен әжелер , ағалар мен апалар ерлігі , жалпы Қазақ Елі болу жолындағы барлық тәрбиелік құндылықтар оқушы бойына осындай тәрбиелік іс - шаралар арқылы жүзеге асады .Бүгінгі мектеп қабырғасында білім алып отырған әр шәкіртті нағыз өз Отанының азаматы болып өсуіне өз ықпалын тигізеді . Мұғалімдер мен оқушыларға , ата -аналарға Тәуелсіздігіміз баянды болсын , тек бейбіт өмір , шаттыққа толы күндеріміз бола берсін дейміз .