Текст
Ұйымдар тізімі
15.11.2021
Күзгі демалыс уақытын ұйымдастыру барысында 4 сыныптар арасында "Жұлдызды сәт " математикалық сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру, математикадан алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту білім білік дағдыларын жетілдіру.
15.11.2021
Күзгі демалыс күндерінде 6—сынып қыздар тобымен "Менің шеберханам" тақырыбында шеберлік сағаты өтілді. Қыздар ілмек бізбен түрлі бұйымдар әзірледі. Жауапты: Казизова Ү. Е
15.11.2021
"Сақтықта қорлық жоқ" тақырыбында 7 "А" сынып оқушыларымен күзгі демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекші:Кусайнова А.Е
15.11.2021
6 "А"сынып оқушыларымен күзгі демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаты өтті.
15.11.2021
5 “A”сынып оқушыларынмен Күзгі демалыс уақытының қауіпсіздік ережелері туралы сынып сағаты өтті. Мақсаты: Балалардың үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету Сынып жетекшісі: Жусупбаева Н.О
15.11.2021
6 "А" сыныбында "Қазақстанның ұлы ақындары мен жазушылары" (Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай) тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде білімдерін тереңдету. Сынып жетекшісі: Бектемирова Ж.С
15.11.2021
8" Ә" сыныбында "Ас-адамның арқауы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ас туралы ұғымының түсініктерін кеңейту, пайдасы мен зиянды жақтарын түсіндіру. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету, ең маңыздысы, денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
12.11.2021
"Экологиялық орта" тақырыбындағы тәрбие сағатында 8 "А" сынып оқушыларына өмір қауіпсіздігі ережелері туралы бейне-ролик көрсетіліп, таныстырылды.
12.11.2021
"Сақтықта қорлық жоқ"тақырыбында 7"А"сынып оқушыларымен күзгі демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздік ережелері туралы тәрбие сағаты өтті.
12.11.2021
4 "б" сыныбында " Туған жер тұтастығы мен ел болашағы" тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктері артады. Болашаққа деген сенімі, ой - өрісі дамиды. Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.

Күзгі демалыс уақытын...