Текст
Ұйымдар тізімі
19.09.2022
2 "Ә" сынып оқушыларымен "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Қажияхметова Б.Т.
15.09.2022
10-11-сынып оқушыларымен "Ахмет -қазақ қоғамының рухани көсемі" атты дебаттық турнир өтті.
14.09.2022
Өткен аптада тілдер онкүндігі аясында "Тілімізге көзқарас-елге көзқарас" атты қалалық шығармалар сайысы 9-11-сынып оқушылары арасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Нәтижесінде 9-сынып оқушысы Айтмағанбетова Камила 2-орын, 10-сынып оқушысы Курмашова Диана мен 11-сынып оқушысы Еркін Аяулым жүлделі 3-орынды иеленді. Құттықтаймыз!
14.09.2022
Тілдер онкүндігі аясында 5-8 сынып оқушыларымен "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы" атты көркем сөз оқу сайысы өткізілді. Жауапты:Абенов Қ.К, Ахметова С.Қ.
14.09.2022
Тілдер күні аясында 1 "Ә" сынып оқушыларымен мәнерлеп оқу сайысы өтті.
14.09.2022
Отбасы күні қарсаңыңда 5 "А" сынып оқушылары өздерінің отбасындағы бақытты сәттерімен бөлісуде. Отбасы күні құтты болсын.
14.09.2022
9 шы қыркүйек күні Степногорск қалалық «Достар және шығармашылық үйінде» Тілдер күніне арналған «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» сайысына Бестөбе Бестөбе №1 жалпы орта мектебінің 6 «Ә» сынып оқушысы Бейсембай Мәдина қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
14.09.2022
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, «қазағым» деп жүрегі соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жас ұрпаққа ұлт ұстазын жан-жақты таныту мақсатында 10-11-сынып оқушыларымен "Ахмет Байтұрсынов-ұлттың рухани көсемі"атты дөңгелек үстел өтті. Пән мұғалімдері:Кусайнова А.Е Мухаметжарова А.Б
14.09.2022
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Оған қоса Елімізде әр жылы тойланатын «Тіл мерекесі» күні.Мерекелеріңіз құтты болсын! Осы қос мерекеге орай мектебімізде тілдер онкүндігі бастау алды.
14.09.2022
13 қыркүйек күні Степногорск қаласында "Ахмет Байтұрсынұлының тілдік мұрасы: бүгіні мен болашағы" атты қалалық оқу-тәжірибешілік конференция өтті.Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары осы іс шараға белсене қатысты.

2 "Ә" сынып оқушыларымен "Білімге...