Текст
Ұйымдар тізімі
04.12.2025
Жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысында ата-аналарға мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды. Кездесу барысында қызметтің жұмыс бағыттары, сондай-ақ оқушылар мен олардың отбасыларын қолдау түрлері түсіндірілді.
Сонымен қатар ата-аналарға балаларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға және оқушылар арасындағы оң қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған «ДосболLike» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері жеткізілді.Жиналыс ашық форматта өтті, ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қажетті ұсыныстарды қабылдады.
