Республикалық деңгейдегі жетістік
03.07.2026
2026 жылдың 23-25 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Ақмола облысының атынан Степногорск қаласы Бестобе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 «Ә» сынып оқушысы Бейсембай Мәдина Дидарқызы қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Мәдина Дидарқызын шын жүректен құттықтаймыз! Жетекшісі:Мухаметжарова Алмагуль Байжановна
Просмотров: 208
Қосымшалар:
- 1 - 728951220183573612253010537178547074515601114n.... 89.4 Kb
- 2 - 730294547183573612343010533448352785908953603n.... 96 Kb