АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

26.02.2019

 

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Болашаққа біліммен қадам басып, жас ұрпаққа: « Өз еңбегіңмен алған білімің, өзің үшін де, елің үшін де сарқылмас асыл қазына» деген ұлағатты сөздің мазмұны мен мағынасын ескере отырып, №1 Бестөбе орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс атқарып жүргеніме 6 ай уақыт болды. Осы уақыт аралығында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында жұмыс атқарудамын. Ұстаз оқушыға  өзі үйреткенін тек сөзбен емес, іспен үйретуі тиіс. Сондықтан менде өз оқушыларыма үлгі болуға тырысып жүрмін.

Қазіргі заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі- оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Алайда, заман дамыған сайын тек шәкірттің қабілетіне қарай талап қойылмайды, мұғалімдердің де әдістемелік әлемі өзгермек.

Ахмет Байтұрсыновтың : « Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы» деген сөздерін негізге алсақ, қазіргі мектепке жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Жаңа ғасыр мұғалімі осындай талапқа сай, сапалы әрі тәрбиелік, білімділік қызметтерді атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатқа жетеді.

Сөз басынан менің ағылшын тілі пәні мұғалімі екендігімді білесіздер.Бүгінгі таңда Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отандық білім берудің алдына жоғары талап қойып отыр. Білім беру– бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуының нәтижесінде қазақстандық мектептердің түлектері өз білімін шетелдік жоғары оқу орнында жалғастыра алатындай болуы қажет.

Бұл сөзден шығаратын түйін еліміздің өскелең ұрпағы бірнеше тілді білуі шарт. Осы салада мен өзім біршама еңбек етіп жатқаныма қуанамын. Яғни, алдымдағы оқушыларға ағылшын тілін терең меңгеруіне  өз үлесімді қосып жатырмын деп нық сеніммен айта аламын.

Ұстаз- ұрпақ тәрбиелеп өсіруші. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Қазіргі заман талабы жас ұстаздан үнемі ізденіп дамып отыруды, өзгерістерге жылдам бейімделуді талап ететіндіктен , өзіме әрқашан жоғары талап қоямын.

Білім беру мен тәрбиені алып жүру жас ұстаздың шеберлігін көрсетеді. Қызмет барысында қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда тәжірибесі мол ұстаздардан үйренуге, үлгі алуға, тәжірибе алмасуғаұмтыламын. Өзім қызмет атқаратын білім мекемесінде тәжірибесі мол, білімді ұстаздар мен сияқты жас мамандарға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Жоғары дәрежелі, білікті мамандармен бірге жұмыс істеу, білмегеніңді үйрену де мен үшін үлкен мәртебе.

Ұлағатты ұстаздардың жолын жалғай отырып, қазіргі заман талаптарына жауап беретіндей жан-жақты мұғалім бола білу – жас маманның міндеті. Осы орайда жас ұстаздың басты мақсаты оқушыларға берген білімін өмірде пайдалануға үйрету.

Мұғалім болу- қашан да жауапкершілікті қажет ететін  іс. Ұстаздық жолда үлкен, кіші деген ұғым жоқ, ол тұтас әлем, сондықтан да ұстаздық қиын жол. Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап- тілегіне, арман мұратына байланысты.

«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» дегендей, оқушылардың тәрбиелі болуы- ұстазынан көрген өнегесі мен тәлімінен екені даусыз. Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім- адам жанының инженері» деп, өз заманында ұстаздар қауымына зор баға берген. Ұстаз- адам жанының емі, шипагері десек артық айтқандық емес. Адамзат тәрбиелеудің қиындығы мен жауапкершілігі мол мамандық екені белгілі, дегенмен ХХІ ғасырдың ұстаздары жан- жақты дамыған, оқушының жан дүниесін жетік білетін, өз пәнін толық меңгерген , барлық нәрседен хабары бар көпшіл, талапшыл азамат, азаматша болуы шарт.

Ұстаз мамандығы- бұл тек қана біреуді оқыту емес. Сонымен қатар, ең алдымен бұл оқу және өзіңді дамыту.Өзімнің мұғалім, ұстаз, педагог ретінде аз да болса түйгенім, мұғалім өзінің артына ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана қуана алады екен. Ұлтымыздың тағдыры, болашағы- тәрбие мен білімде екен. Абай атамыз айтқандай : «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, шәкірт тәрбиелеп, оны ұядан баптап ұшырудан еш жалықпайық!

Рамазан Жұлдыз Ерланқызы

Ақмола облысы Степногорск қаласы

Бестөбе  кентінің №1 орта мектебі

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Просмотров: 416


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст