Бүгін Ақмола полиция департаментінің 25.11.2019ж күнгі хаты негізінде мектепте "Қауіпсіз бағыт:үй-мектеп-үй"тақырыбымен сынып сағаттары ,түсіндірме жұмыстары ,түрлі ситуациялық жағдайлар бойынша шешімдер айтылып ,ата -аналармен де жұмыстар жүргізілді.1-сыныптарда "Ата-ана-бала-ұстаз" болып мектептен үйге дейін бағыт бойынша жүріп өтті.Мектептің тәрбие ісі орынбасары Ж.Абузарова ,әлеуметтік педагог Г .Баязитова мен мектеп психологі Ә.Абдрахманова 1-сынып оқушыларымен үйге дейін барып ,жол бағытында оқушыны бақылап отырды .Бастауыш сынып мұғалімі Ә.Мусина сыныбында әр оқушы өз бағытын сызып көрсете білді.8-сынып оқушылары да осы тақырыпта дәріс тыңдап,өз бағыттарын айтты. А.Найманова 9"Ә"сынып оқушыларымен топтық жұмыс ұйымдастырып,онда оқушылары өз бағыттарын сызып қана қоймай ,ұсыныс та жасаған .Алдағы уақытта әлі де бұл қауіпсіз бағыт негізінде жұмыстар өз жалғасын табады.