Бестөбе кентінің №1 орта мектебі «Құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында оқушылармен жүргізілген жұмыстардың есебі
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу мақсатында жоспар жасалынып, мектеп директорының №44 02.09.2019ж бұйрығы шығарылды .
Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру ,оның рухани әлемін байыту,сабаққа ынта жігерін арттыру, жеке дағдылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тәрбиелеу керек. Жас жеткіншектерді өмір талабына сай етіп даярлауға мектептің алатын орны өте зор. Сол себепті оқушылар тарапынан құқық бұзушылықтың , нашақорлықтың және есірткіге қарсы күрес, зиянды заттардың алдын алу үшін Бестөбе №1 орта мектебінде түрлі тәрбиелік шаралар жоспарланып орындалды.
Тәрбие бағдарламасындағы негізгі бағыттар ,оның ішінде «СПИД проблемасын және оның алдын алу », «Зиянды заттардың алдын алу», «Адамгершілік,ізгілікке тәрбиелеу» бағдарламалары оқытылады. Мектепте сақтандыру шаралардың алдын алу мақсатында жергілікті құқық қорғау орган қызметкерлерімен бірлескен жоспарлы турде, жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік педагог, психологтар, сынып жетекшілер тәртібі қиын оқушылар мен шырқы бұзылған отбасыларды анықтап, үй тұрмысық жағдайын үнемі бақылауда. Жоғарғы сынып оқушылары арасында «Зорлық-зомблықсыз балалық шақ» аясында әңгіме жүргізілді. Кент инспекторы А.Абенова оқушылармен кездесіп ,құқықбұзушылықтың алдын алу негізінде әңгіме жүргізіп, ата-аналармен мектеп әкімшілігі бәрі де дәріс сәтін жүргізді .Мектеп психологі Абдрахманова А.В мақсатында сауалнамалар алып,бірнеше тақырыпта тренинг сәттерін өткізді . Сонымен қатар 11 сынып жетекшісі Оразымбетова Т.Т «Отбасындағы қолайсыздық – құқық бұзушылықтың негізгі себебі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Жалпы сынып жетекшілер құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі іс -шара,сынып сағаттары мен тәрбие бағытында түрлі жұмыс жүргізілуде .
Сабақтан себепсіз қалатын және сабаққа кешігетін оқушылардың тәртібі қадағалануда. Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,оқушылардың саналы тәртібі мен оқуы жайында да мектепішілік ата -аналар жиналысында баяндама дайындалып, ата-аналар хабардар болды. 5-11 сыныптың сынып жетекшілер сынып жиналысында нашақорлық және құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мектеп медбикесі С.Исмагулова қыздармен жеке гигиенасы, жасөспірімдердің ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына дәріс өткізілді. Орталық көшелерде, ойын-сауық орталықтарында, кент орталығында, шет шағын аудандарында рейд әкімшілік және ұстаздар көмегімен өтуде. Мектеп бойынша 19 отбасы аз қамтылған және көп балалы отбасылар. Олар тегін тамақтану тізіміне енеді. Оның ішінде 1 оқушы 11 сынып оқушысы Сайлау Зейнолла қамқорлыққа алынды. Ата-анасының қайтыс болуы негізінде тегін тамақтануда. Бұл оқушылардың құжаттары қалалық білім бөлімінде тексеріліп, сол негізінде белгіленді. Атаулы мереке күндері, жыл басында «Қамқорлық» акция негізінде демеушілер көмегі негізінде және де басқа көмектер реті келген кезде үнемі көмек көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар Нұр -сұлтан қаласынан келген циркке 19 оқушы тегін барды. Мектепішілік қала төңірегіндегі, қашықтық жарыстарға пән мұғалімдерімен қатысуда. Сынып жетекші, әлеуметтік педагог бақылауымен оқушылар мектепішілік үйірмеге қатысады. Түрлі суреттер көрмесі де мектепте шығармашылық жұмыстар ұсынылады. Жаңа жыл қарсаңында қалалық білім бөлімінен жаппай біліммен қамту қорынан осы 19 оқушыға сыйлықтар таратылды.
Бастауыш сыныптарда мектеп психологі ұйымдастыруымен интербелсенді ойын өткізілді. Сол негізінде бала конвенциясы мен бала құқығы жайында сұрақтар төңірегінде өз ойларын айттып, қосымша бала құқығы жайында мәлімет берілді. Орта буын оқушыларымен, 5-7 сынып, суицид тақырыбы бойынша «Біз өмірді таңдаймыз» сынып сағаттары өткізілді. Жоғары сыныптарда «Жасөспірімдер арасында суицид жолдарының алдын алу» бағдарламасы негізінде сұрақтар мен дәрістер, ой бөлістер өткізілді. Ата-аналармен жұмыс та жүргізіліп, ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Оқушылар арасында құқықбұзушылықты алдын алу» тақырыбында да жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар жеке де ата-аналармен кеңес жұмыстары жүргізілді. Толеранттылық жайында , «Реніш, кешіре білу», «Ізгілік мектебі» осы тақырыптарда оқушылармен әңгіме жүргізілді. Мектеп психологімен «Қылмыс және оның алдын алу», «Суицид тәртібі жайлы профилактика», «Қалай жақсы оқуға болады», «Оқушы құқығы мен міндеті» тағы басқа да тақырыптар төңірегінде кеспе қағаздары таратылып, әңгіме, кеңес жүргізілді. Мектеп оқушыларымен үнемі ұйымдық жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: «Біз өмірді таңдаймыз» тренинг, тағы басқа да осы тақырыптас жұмыстар бойынша профорентациялық жұмыстарда жүргізілді. Емтихан, сынақ кездерінде «Мен өзімді өзім бақылай аламын» тақырыбында тренингтер өткізілді. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп психологі Ә.Владимировнамен басқа да тренингтер өте көп ұйымдастырылды. Ұстаздар арасында да осындай оқушылармен қалай жұмыс жүргізуге болатындығы жайында тренингтер жүргізілуде.
«Рауан» мәдениет үйінде полиция басшысы Н.Шорин мырзаның ұйымдастыруымен кент әкімі М.Исмагуловтың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Оған сынып жетекшілері, 7-11-сынып оқушылары қатысты.
Мектепте темекі шегудің зияндылығы, нашақорлық дерті жайында да жұмыстар жүргізілді.
Қазан айында Ә.М.Абенованың қатысуымен, мектеп әкімшілігі бірлесуімен 5-6-сынып ұлдарын қатыстырып, дәріс сәті өтті. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілер қатысты. Директордың тәрбие ісі орынбасары Мухаметжарова А. , Ж Абузарованың және балалар қозғалысын ұйымдастырушы Е.Уразовтың бірлескен жұмысы негізінде ата-аналар мен оқушылар жеке-жеке шақырылып, кеңес, дәріс сәттері де өтті. Кейбір оқушылар ата-аналарынан қолхат алынды. Біршама жұмыс жүргізілді.(8 «А» сынып оқушысы Тұяқбай Н., 5 «А» сынып Назымбек А., 6 «А» сынып оқушысы Серік Н., Жаңбырбай А. және тағы басқа)
Діни экстремизм және терроризм жайында, оның алдын алу мақсатында жұмыс түрі әлі де жандана, жаңғыра түседі.