№ 1 Бестөбе орта мектебі
«Жаппай біліммен қамту» айлығының қорытындысы
қаңтар-ақпан 2017 жыл
2017 жылдың 10 қаңтар 10 ақпан аралығында « Жаппай біліммен қамту» айлығы және «Қамқорлық» акция өткізілді. «Қамқорлық» республикалық акциясы жалпы оқыту айлығының шеңберінде өткізіледі және мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге
бағытталған. Степногорск қалалық білім бөлімінен келген жоспарға сүйене отырып, жоспар құрылды. Мектепке бекітілген аймақтағы көшелерді аралап, 0-18 жасқа дейінгі балалар және отбасы туралы мәліметтер алынды. Қорытындылай келгенде 0-18 жастағы балалар саны -675. Көп балалы отбасы - 27, оның ішінде бала саны- 121, әл- ауқаты төмен отбасы - 11, оның ішінде бала саны - 45, ҚБ және ӘБ тізімінде жоқ. Қоғамдық және мәдени орындарға рейд жұмысы ұйымдастырылады. Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуы күнделікті тексеріліп отырады. Әрбір сыныптан әлеуметтік паспортқа сүйеніп жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды көмек көрсетуге алынды. Тұрмысы төмен отбасы жағдайларын жақсартуға жағдай жасау үшін ата- аналар, ұстаздар, демеушілер іске жұмылдырылды. Жағдайы төмен, мүгедек, қамқоршыға алынған балалар және көпбалалы отбасыларына әр түрлі көмек көрсетілді. «Қамқорлық» акциясы жыл бойы күн тәртібінде алғашқы мәселелердің бірі болып көзделеді.
Әлеуметтік педагог Г.Баязитова