АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасөспірімдер ісі жөніндегі есепте тұрған балалар жайында есебі

17.02.2017

Бестөбе кенті №1орта мектебі

оқушылары арасындағы  құқықбұзушылықтың

алдын алуды ұйымдастыру, соның ішінде Степногор қалалық әкімдігінде жасөспірімдер

ісі жөніндегі есепте тұрған балалар жайында есебі

 

      Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр,себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдер саны азаяр емес.Оқушылар арасында тәртіп бұзушылықты болдырмау,мінез-құлықты оқушылармен жұмыс жүргізу арқылы тәртіп бұзушылық пен қылмыс жасаудан сақтандыруда алға қойылған мақсатқа жетудің жолы-тәрбие жұмысын жүргізу. Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын-алуды ұйымдастыруда жоспар құрылып, сол жоспар негізінде іс-шаралар жүргізілуде. Оқушылардың сабаққа қатысулары әкімшілік тарапынан күнделікті қадағаланады. Мектеп жарғысының ережесін оқушылардың орындауы бақылауда. Сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстары өткізіледі. Балалардың көшедегі және қоғамдық орындағы тәртібінің ережесі, оқушылардың құқығы мен міндеттері үнемі айтылады. Жасөспірімдер инспекторы  А.Абенова оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алуда әңгіме, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жастар жиналатын орындарға сынып жетекшілер мен әкімшілік тарапынан рейдтер жүргізіледі. Қалалық бақылау есебінде тұрған оқушылар жоқ. Степногор қалалық әкімдігінде жасөспірімдер ісі жөніндегі есепте тұрған оқушылар жоқ. Осы орайда сынып жетекшілер мен психологиялық және әлеуметтік қызметтің құқықбұзушылықтың алдын алуда жүргізілген жұмыстарының нәтижесі деуге болады.

                                                               

Тәрбие ісі орынбасары:   Ж.Исаева

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст