АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қалалық кітапханашылар семинары

26.10.2020

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бестөбе № 1 мектеп кітапханасында  «Оқушы бойында  туған жерге деген  сүйіспеншілік сезімін  қалыптастыруда  кітапхананың рөлі»  тақырыбымен  Кусаинова Гульназ Папашқызы қалалық  кітапханашылар онлайн семинары өткізді. Кітапханаға онлайн саяхат жасалды, әр мерекеге, ақын-жазушылардың  атаулы күндеріне байланысты өткізілген іс-шаралардан үзінділер көрсетілді: буктрейлер, буккроссинг, «Бір ел-бір кітап», «Алтын қорға үлес қос» акциялары,  Абайдың 175 жылдығына орай оқушылар өз қолдарымен кітап шығару мастер класс элементтері көрсетілді.

 «Туған жер» бағдарлама аясында өткізілген  жергілікті ақын Рысты Шотбаеваға оқырмандар конференциясы,  кентіміздің ақын-жазушыларының шығармалары бойынша поэзия кештері, ардагер ұстаздармен кездесу кештер, 32 жыл бойы кітапханашы болып жұмыс істеген Сматаева М.С.  Әбу-Шахман Халфе атындағы мешіт туралы танымдық сабақ, Ұлы Отан соғысында Бестөбелік ардагерлер туралы тағзым кештері, алғашқы тың игерушілір туралы тәрбие сағаттар, туған жер туралы өлеңдер, сурет салу, шығарма жазу байқаулары презентация түрінде көрсетілді.

Осы өлкетану бағытындағы ұйымдастырылған жұмыстар облыстық «Жақсы кітап-жан азығы» кітап шығару  байқауына қатысып  «Туындысы мен тағдыры ұштасқан Бестөбе» атты өлкетану жинаққа  жинақталып І орынға ие болды.

Қашықтықтан  оқыту  жағдайында оқырманның  рухани жандүниесін байытып, олардың кітап  оқуға деген қызығушылын арттыру мақсатында  барлық ақпараттық-технологияларды пайдалана отырылып  WatsApp, Zoom, Instagram, Faсebook платформалары арқылы кітапхана жұмысы жүзеге асырылып отырылады.

Просмотров: 181


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст