2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.
1. Жалпы ережелер.
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бестөбе кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ заңды мекенжайы Бестөбе кенті, Амангелді Иманов көшесі № 6 ғимарат.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
"Бестөбе кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де білім беру саласында 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы 12 қызмет көрсетілді;
көрсетілген мемлекеттік қызметтердің электрондық нұсқасында 77 қызмет;
көрсетілген мемлекеттік қызметтер электрондық үкіметпен – 25 қызмет;
ақпараттық жүйе бойынша – 52 қызмет;
көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген - 0 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
403003 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" -50
403004 "Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" – 0
403015 "Бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" – 17
803014 «Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» - 0
803005 "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" – 10
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0008.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi білім басқармасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2023 жылы әлеуметтік желілерде 2 ақпараттық хабарлама жарияланды. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, 2 қызметкер қызмет көрсетеді, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында 2 қызметкер біліктілігін арттыру курстарынан өтті.