Текст
Ұйымдар тізімі
29.04.2022
Ағымдағы жылдың 22-23 сәуірінде Зеренді ауданының «Сұңқар» сауықтыру кешенінде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен «БІЛІМДІ ЖАСТАР» атты бірінші облыстық жас педагогтер слетіне мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Олжакеш Мади Қазбекұлы қатысты. Іс-шара барысында Ақмола облысының жас мамандары облыстық білім басқармасының басшысы Б. Жүсіповпен кездесті. Білікті спикерлер шеберлік сыныптарын ұсынып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Педагогикалық еңбек жолын жаңа бастап отырған жас мұғалімдер білік мен іскерлікті дамыту бағытында қажетті де пайдалы мәліметтер алды.
29.04.2022
Еріктілер тобынан құралған оқушылар көктемгі уақытта құстарға қамқорлық жасау үстінде. Жауапты:Самер Г.А.
29.04.2022
Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығы қарсаңында 5 “Ә” сынып оқушылары “Есте сақтау үшін білу” мақсатында кент тұрғыны , тыл еңбеккері Мария апайға кездесуге барды. Соғыс кезіндегі өздеріндей балалардың жеңіске қосқан үлестері жайында біліп қайтты.
29.04.2022
14 сәуір күні Степногорск қаласының орталық кітапханасында дарынды, білімді оқушылардың "Жас талант" шеруі өтті. Мектебіміздің 5 сынып оқушылары Бейсембай Мәдина, Ашенов Тамерлан қатысты.
29.04.2022
7 "Ә" сынып оқушылары Жеңіс паркін тазалауға өз үлестерін қосты. Сынып жетекші:Ахметова С.Қ
29.04.2022
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы және "Ұлы даланың жеті қыры" жобасы аясында 5-6 сыныптар арасында "Жаратылыстану әлеміне саяхат" сайысы өткізілді. Жауапты: Раева А.С Бектемирова Ж.С
11.04.2022
Мектебімізде 08.04.2022 ж. күні ZOOM платформасы арқылы облыстық секция алаңы және пленарлық отырысқа Бестөбе кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі, №2 мектебі, негізгі мектебі және Изобильный ауылының орта мектебінен бастауыш сынып мұғалімдері және директордың оқу ісі орынбасарлары қатысты. Секция тақырыбы: "Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру".
11.04.2022
07.04.2022ж. Бастауыш сыныптар арасында қалалық пән олимпиадасына 4 - сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Қазақ тілі пәнінен Манарбек Әмина 1-орын, Баймышева Амира 2-орын, Шайхетдин Адина 3-орынға ие болды. Математика пәнінен Тулепсейт Жансая 1-орын, Қайыргелді Нұрислам 3-орын, Шохбарбай Айтуар 3-орынға ие болды. Орыс тілі пәнінен Шайдолла Назерке 1-орын, Казбеков Алиби 2-орын, Иманмагзам Сұлтан 3-орынға ие болды. Ағылшын тілі пәнінен Жасқайрат Әділхан 1-орын, Кусаинова Аяла 2-орын, Қызыр Альмира 3-орынға ие болды. Жаратылыстану пәнінен Қаирбек Фархад 1-орын, Мұратбек Алихан 2-орын, Шопан Аяулым Сертификатқа ие болды. Жетекшілер: Қажияхметова Б.Т. Идрисова Қ.Т. Мусина А.Ж. Оразымбетова Т.Т. Каушева А.К. Оспанова А.А
11.04.2022
"Таза бейсенбі" акциясы аясында 7 "А" сынып оқушылары тазалық күнін өткізді. Сынып жетекші: Кусайнова А.Е
08.04.2022
Бүгін 07.04.2022 жылы Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің 04.04.2022 жылғы N89 бұйрығына сәйкес мектеп бракераж комиссиясының мүшелері мектепте ыстық тамақтың ұйымдастырылуына тексеру жүргізді: есепке алу құжаттамасына, оқушылардың тамақтану режиміне мониторинг жүргізу, мектеп тамағы рационының бірыңғай стандарттар мен санитарлық талаптарға сәйкестігі, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау жөніндегі іс-шаралар. Мониторингтік топ ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша жеткізушімен кеңес өткізді.

Ағымдағы жылдың 22-23 сәуірінде...