Текст
Ұйымдар тізімі
08.04.2022
XXII Абай және Махамбет оқуларының қалалық кезеңі өтті. Мектебіміздің әдебиет сүйер жас шәкірттері мектеп намысын қорғап,жүлделі орын иеленді. "Өлең -сөздің патшасы" номинациясы Болат Арайлым 1орын "Ел құтқарар ер едім" номинациясы Қазкен Аруна 2-орын Жетекшілері:Ахметова С.Қ. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы Шілікбай Алдияр 2-орын .Жетекшісі:Кусайнова А .Е . Жетекші ұстаздарға шығармашылық табыс тілейміз.Шәкірттер биік белестерді бағындыра берсін !
08.04.2022
9"Ә" сынып жетекшісі А.Найманова сынып оқушылары мен ата-аналарын сәуір айында өтетін ББЖМ ның нұсқаулығымен таныстырды.
08.04.2022
9 "Ә" сыныбының ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі А.Найманова "Жаңа Қазақстан:жаңару мен жаңғыру жолы" атты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына жолдауымен таныстырды.
08.04.2022
“Наурыз тойы - мереке, салт- дәстүрім береке” тақырыбы аясында наурыз мерекесіне орай мектебімізде іс-шаралар өтті. 1- қабатта ұстаздар көрме безендірсе, 11-сынып оқушыларымен жыл басы мерекесінің сәні Наурыз көжеден дәм тарту ұйымдастырылды . Арқан тартыс, ұлттық би , тақырыптық сынып сағаттары да өтті.
08.04.2022
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында № 1 БОМ "Асық ату", "Бес тас", "Арқан тарту" ұлттық спорт түрлері және "Көңілді старт" спорттық іс-шарасы өтті, № 1 БОМ және № 2 БОМ командалары қатысты. №1 БОМ командасы 1орынға ие болды. Құттықтаймыз!
08.04.2022
Қалалық Мұқақали Мақатаев әдеби оқуларынан Болат Арайлым 2 орынға ие болды. Жетекшісі: Ахметова Сауле Каздайхановна.
08.04.2022
Қалалық "Жас маман-2022" сайысы бойынша мектебіміздің жас мамандары жүлделі орындарға және ақшалай сыйлыққа ие болды. Олжакеш Мади Казбекулы информатика пәні мұғалімі-1 орын. Мейрам Камила Сүйіндікқызы математика пәні мұғалімі -3 орын. Уразов Ержан Уразалыулы тарих пәні мұғалімі -"Ең үздік шебер сынып" сертификат. Бектемирова Жанар Сыздыковна - география пәні мұғалімі белсене қатысқаны үшін сертификат.
14.03.2022
"Ұлттық киім-асыл мұра" челленджін 0 "Б" сынып оқушылары жалғастыруда
14.03.2022
"Ұлттық киім - асыл мұра" атты челленджін 2 "ә" сынып оқушылары ұлттық киімді насихаттау мақсатында жалғастырады
14.03.2022
“Ұлттық киім-асыл мұра" атты челленджін 5 ”Ә” сынып оқушылары ұлттық киімді насихаттау мақсатында

XXII Абай және Махамбет оқуларының...