Текст
Ұйымдар тізімі
12.10.2021
Мектебімізде оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында "Тіл-болмыс айнасы"тақырыбында 9-сынып оқушыларымен зияткерлік сайыс өтті.Сайысың түрлі кезеңдерінен сүрінбей өтіп "Асыл мұра"тобы жеңіске жетті.Түрлі тапсырмаларды орындау барысында барлық топтар өз білімдерін ортаға салды.Әділ қазылар алқасы жеңімпаз топтарды марапаттады.Сайыс өте мазмұнды әрі қызықты өтті.Мәңгілік еліміздің мәңгілік тілі жасай берсін! Ұйымдастырушы: Кусайнова А.Е
12.10.2021
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мектеп оқушылары экологиялық акцияға белсене қатысты.
12.10.2021
Мектебімізде тілдер онкүндігі жалғасын табуда. Оқушыларды туған ана тілінің қадыр-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету мақсатында 8«Ә» сыныбында «Тіл тағдыры- ел тағдыры» тақырыбында интеллектуалдық ойын түрінде бірнеше кезеңге бөлінген тәрбиелік мәні зор тіл сағаты өткізілді. Тіл жанашыры : Абенов Қ.К
12.10.2021
Рухани жаңғыр бағдарламасының аясында "Таза болса табиғат-аман болар адамзат" экологиялық сәт. Жауапты: Бектемирова Ж. С
12.10.2021
Ұлы ағартушы,педагог ,шағын әңгіме шебері ,"Дала қоңырауы"атанған Ыбырай Алтынсариннің 180жылдық мерейтойына орай мектебімізде жоғары сынып оқушыларымен "Ыбырай салған сүре жол"атты іс шара өтті.Шығармалары талданып,оқушылар өз ойларын ортаға салды. Пән мұғалімі:Кусайнова А.Е
12.10.2021
Қыздар онкүндігі апталығы аясында мектеп психологы 9 сынып қыздарымен "Қыздар арасында!"тақырыбында әңгіме жүргізді.
12.10.2021
Психология онкүндігі аясында 29.09.21 күні мектептің барлық қатысушылары арасында "Игі тілектер себеті "психологиялық акция өткізілді.
08.10.2021
5”А” сынып оқушыларымен “Қазақстанда туризмнің дамуы” атты тақырып аясында тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Қазақстанның көрікті жерлерін дәріптеу арқылы оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру.
08.10.2021
"Тілдер мерекесі" қарсаңында 8 "А" сыныбында "Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" тақырыбында сынып сағаты өтті
08.10.2021
9 «Ә» сыныбының сынып сағатында оқушылар ҚР Президенті Қ.Токаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауымен танысты. Жолдауды насихаттауға тарих пәнінің мұғалімі Е.Уразов пен сынып жетекшісі А.Найманова өз үлестерін қосты.

Мектебімізде оқушылардың...