Текст
Ұйымдар тізімі
22.11.2021
"Суицидтің алдын алу" тақырыбында 7 "Ә" сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекші:АхметоваС.
22.11.2021
Марат Қабанбаевтың "Жиhангез Тити" шығармасы бойынша "Бір ел-бір кітап" акциясы шеңберінде 4 "А" сыныбында әдеби кеш өтті. Оқушылар жазушының өмір жолымен қатар, шығармашылық жолы, еңбек жолы, отбасы туралы көптеген мәліметтерімен бөлісті. Мазмұнын накышына келтіріп айтумен, шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жарыса жауап беріп отырды, шығарма туралы буктрейлерді тамашалады және кроссворд шешті. Кешіміз қызықты де тартымды өтті
22.11.2021
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 6 "А" сыныбында "Ауылым-алтын бесігім" атты кездесу сәті өтті. Мақсаты: оқушыларды туған жері тарихымен, туған ауылымыздың атақты азаматтарымен кеніңен таныстыру болды. Сабақ барысында оқушылар мектебімізде орналасқан "Туған өлкенің мақтаныштары" бұрышымен таныстырылып, ардагер-ұстаздардың өмір жолдарымен, әр салада еңбек атқарған еліміздің елеулі азаматтары туралы баяндалды. Сонымен қатар, оқушылар Бестөбе туралы өлеңдерін, эсселерін оқыды.
22.11.2021
"Жұқпалы аурулармен қалай күресуге болады?"тақырыбында 7-сынып оқушыларымен мектеп медбикесі Исмагулова С.С қатысуымен тақырыптық сынып сағаты өтті.
22.11.2021
ЖҚТБ-АҚТҚ алдын алу мақсатында 10 “А” сынып оқушыларымен “ЖҚТБ-ғасыр дерті” атты ақпараттық сағат өткізілді.
22.11.2021
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 7"А"сынып оқушыларымен "Құқықтық сауаттылық-заман талабы" және "Буллинг және оның салдары" тақырыбында ойбөліс өтті.
22.11.2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 3"А", 6"Ә" сыныптарында "Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?" атты жас оқырмандар кездесуі өтті. Мақсаты: Отанды сүюге, елін, жерін, табиғатын, тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.
22.11.2021
Туризм күніне арналған "Қазақстанның киелі жерлері жайлы" виртуалды саяхат ұйымдастырылды. Оқушылар еліміздің киелі жерлері жайлы қызықты ақпараттар естіп әңгіме-сұхбат жүргізілді
22.11.2021
Ел Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай 5”Ә” сыныбында Ұлттық валюта күні аталып өтті
19.11.2021
12 қараша Республикалық мектепішілік 5-6 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндерден олимпиада өтті.

"Суицидтің алдын алу" тақырыбында...